Фтизиопульмонология орталығының мамандары Джазыбекова П.М. және Шарап А.Ш. 22 - мамыр күні И.Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасының мамандарына арнап семинар - тренинг өткізді. Семинар барысында аурухана деңгейінде туберкулез ауруын анықтау алгоритмі, туберкулездің алдын алу сұрақтары, инфекциялық бақылау шаралары қарастырылды. Жұқпалы аурулар ауруханасы мамандарының тәжірибесінде жиі кездесетін туберкулез түрлері талданды. Семинар соңында мамандардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Осындай семинар - тренингтер туберкулез ауруын уақытылы анықтауға септігін тигізетіні анық.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1752-22-mamyr-k-ni-i-zhekenova-atynda-y-zh-paly-aurular-aurukhanasyny-mamandaryna-arnap-seminar-trening-tkizdi.html#sigFreeId41f5aae0d5