2024 жылдың 22 - мамырында Фтизиопульмонология орталығының мамандары Мұхаметкәрімқызы Э., Ахметкалиева Д.Н., Рахымова А.Е., Малдыбаева А.С. қалалық №25 емханада туберкулез бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысына бақылау жүргізді. Емхана бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы өзгерістер байқалуда: жүйелі түрде жүргізіліп отырған семинар - тренингтер мен мониторингтер дәрігерлердің туберкулез ауруына деген қырағылығын арттырған, "ДамуМед" медициналық ақпараттық жүйесіндегі жұмыс жақсарған, 081/е үлгісіндегі "Туберкулез ауруына күдікті науқастарды тіркеу" журналы электронды форматта жүргізілуде. Қаламызда туберкулез ауруы бойынша жағдайды жақсарту мақсатында медицина мекемелеріндегі мониторингтер жоспарлы түрде жалғасады.