Алматы қ. ҚДБ фтизиопульмонология орталығының базасында 2024 жылдың 14 - мамырында Медеу және Жетісу аудандарыны, 16 - мамырында - Түрксіб және Наурызбай аудандарының БМСК мекемелерінің жалпы тәжірибе дәрігерлеріне араналған "БМСК мекемелерінде туберкулез ауруының алдын алу, анықтау және емдеу" тақырыбында семинар - тренинг өткізілді.
Фтизиопульмонология орталығының үйлестірушілері Садықова Г.М. қатысушыларды балалар арасында туберкулезді диагностикалау әдістерімен, оның ішінде иммунологиялық сынақтармен таныстырды, туберкулездің спецификалық және спецификалық емес алдын алу әдістеріне баса назар аударса; Джазыбекова П.М. ересек адамдар арасында туберкулез ауруын уақытылы анықтау, алдын алу мен тиімді емдеу туралы дәрістер оқыды. Тәжірибеден алынған мысалдар клиникалық жағдайларды талданды. Тренинг соңында Садықова Г.М. мен Джазыбекова П.М. қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
МСАК ұйымдарының дәрігерлерінің туберкулезге сақтығын арттыру және туберкулезді уақтылы анықтау мақсатында апта сайын Алматы қ.ҚДБ фтизиопульмонология орталығының базасында бекітілген кестеге сәйкес МСАК мамандарын оқыту жүргізіледі.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1749-bmsk-mekemelerinde-tuberkulez-auruyny-aldyn-alu-any-tau-zh-ne-emdeu.html#sigFreeIdabdfcd9a56