«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық - эпиедмиологиялық бақылау департаменті» РММ мен «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ - нің бірлескен бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 14 - 16 мамыр аралығында нәрестелерді иммунизациялау мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Бұл семинарда Алматы қаласы ҚДС басқармасының штаттан тыс бас фтизиопедиатры Тастайбекова М.М. туберкулезге қарсы арнайы иммунитетті қалыптастырудағы БЦЖ вакцинасының ролі туралы, жаңа туған нәрестелерді перзентханалар мен орталықтандырылған екпе кабинеттерінде туберкулезді егі алгоритмі, БЦЖ вакцинациясының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, вакцинациядан кейінгі болуы мүмкін жанама әсерлер туралы дәріс оқыды. Семинар соңында медицина қызметкерлерінің білім деңгейі анықталды. Өткізілген семинар балалар арасында туберкулез ауруының алдын алуға септігін тигізеді деген үміттеміз.