2024 жылдың 25 - сәуірінде Фтизиопульмонология орталығында Алматы қаласының Алатау және Бостандық аудандарының бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінің жалпы тәжірибе дәрігерлері, учаскелік терапевттері және педиатрларына арналған "БМСК мекемелері деңгейлерінде туберкулез бойынша шараларды ұйымдастыру" атты тренинг өткізілді. Фтизиопульмонология орталығының үйлестірушілері Ақбаева А.Т. және Ахметқалиева Д.Н. тренингке қатысушыларды ТБ күрес бағдарламасының мақсат - межелерімен, қазіргі таңда ТБ ауруын анықтау үшін қолданылатын заманауи молекулярлы - гендік әдістерімен, диагностикалық алгоритмдермен таныстырды. Балалар мен ересектер арасындағы осал топтармен, ТБ - ге шалдығу қаупі жоғары топтар арасында ТБ уақытылы анықтау шараларымен қатар, ТБ инфекциясының алдын алу емін жүргізуге назар аударды. Осындай тренингтер БМСК мамандарының ТБ бойынша әлеуетін жоғарылатып, ТБ уақытылы анықтауға үлес қосады.