Фтизиопульмонология орталығының мамандары Әуезова С.Н., Шарапова А.Ш., Джазыбекова П.М., Иманбекова Ж.Б., Барақбаева А. 2024 жылдың 22 - 26 - сәуір аралығында Аманат партиясының бастамасымен ұйымдастырылған "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында "Жеке қаржыны басқару" атты тренингке қатысты. Тренинг барысында Үсенов Елжас қатысушыларды қаржылық сауаттылық негіздерімен, күрделі салымдарды жоспарлау құралдарымен таныстырып, жеке қаржыны басқаруға шақырды. Тренинг өте қызықты өтті және қарызсыз қоғамды қалыптастыруға пайдасын тигізеді деген үміттеміз.