Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК - да стационар бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Қарабаев пен бас медбике Ж.Б. Иманбекованың қатысуымен 2024 жылдың 1 - тоқсанында атқарылған жұмыс бойынша есеп беру жиналысы өткізілді. Аурухананың барлық аға медбикелері, инфекциялық бақылау қызметі мен диеталық медбикенің есебі тыңдалды. Ағымдағы жылдың 1 - тоқсанында ауруханаға 45 науқас емге жатқызылды. Осы уақыт ішінде аурухана ішілік жұқпа жағдайлары тіркелген жоқ. Науқастарға арналған семинар сабақтар жоспар бойынша өткізіліп тұрады, үш айда 251 адам қамтылды. Науқастар тарапынын ем алу мен тамақтану боьйынша ешқандай шағым болған жоқ. Таңғы ас - жалпы диетаның 25%, екінші таңғы ас - 15%, түскі ас - 35%, кешкі ас - 25% - н құрайды. Науқастардың сырқат ерекшелігін ескере отырып, оларға 11 - үстел диетасы (туберкулезбен ауыратын науқастар үшін), қант диабеті бар науқастарға 9 - үстел, бауыр мен өт қабының қызметі бұзылған науқастар үшін 5 - үстел тағайындалады. Асқазан - ішек жолдарының аурулары бар науқастарға арналған 1 үстел бойынша тағам дайындалады. Ай сайын әр бөлімше бойынша да жалпы медбикелік семинарлар жоспар бойынша өткізіліп тұрады. Өткізіліп отырған іс - шаралар медициналық көмектің сапасын жоғарлатуға бағытталған.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1735-2024-zhyldy-1-to-sanynda-at-aryl-an-zh-mys-bojynsha-esep-beru-zhinalysy-tkizildi.html#sigFreeId4b66e69ce9
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1735-2024-zhyldy-1-to-sanynda-at-aryl-an-zh-mys-bojynsha-esep-beru-zhinalysy-tkizildi.html#sigFreeId4b66e69ce9