Алматы - үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан - қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Табиғаты да өте керемет. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас. Егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат - Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осы орайда Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» қызметкерлері «Тазалық - табалдырықтан басталады» деп, аптаның әр бейсенбісінде өз аумағына тазалау жұмыстарын жүргізеді. Тазалықты жанына серік еткен қызметкерлер, көктемгі таза ауамен тыныстап, дене еңбегімен қатар өз денсаулықтарын да нығайтуға күш салады. Алматы қаласының болашағы - өзіміздің қолымызда. Біздің тазалығымыз - қаланың тазалығы!