2024 жылдың 5 - сәуірінде Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығында кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті. Орталықтағы кәсіподақ ұйымының төрайымы Саулеш Әуезова 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өткізілген мәдени және спорттық іс - шаралар, мекеме жастарымен жұмыс, кәсіподақ мүшелерін санаторийлерде, олардың балаларын жазғы лагерьлерде сауықтыру туралы айтып, мерейтойлар мен басқа да айтулы даталарды өткізуге кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмек жайлы толық мәлімет берілді. Кәсіподақ мүшелерінің жақындары қайтыс болған жағдайда, балалары 1 - сыныпқа барғанда, зейнетке шыққанда кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қаражат сомасының көбейгенін атап өтті. Ұжымдағы кәсіподақ мүшелері 2023 жыл қортындысы бойынша есеп берген төрайым С.Әуезованың жұмысын жақсы бағалап, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, 2024 жылға кәсіподақ ұйымының мүшелері сайланып, ұжым мүшелерінің кәсіподақ іс - шаралары бойынша ұсыныстары ескерілді.