Барша мұсылмандарға қасиетті айдың бірі әрі бірегейі, айлардың сұлтаны - Рамазан айы. Рамазан - мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың айы. Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту - ораза боп саналады. Ораза - тек ішіп-жеуге ауыз бекіту емес, барша жаман істерден тыйылып, күллі жаман ойлардан арылу. Рамазан - жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы. Сондықтан, бұл айда бар игілік иелері жақсылық жасауда өзара аламан бәйгеге түседі. Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының Кәсіби одағы биылғы Рамазан айында орталықтың ораза тұтқан барша қызметкерелеріне ауызашарға арнап қалташалар таратты. Қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке - бірлік нәсіп етсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болсын! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз, қайырымдылық шараларыңыз сауаптан жазылсын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!