МСАК мекемелеріндегі туберкулезбен күрес шараларына бақылау жүргізу 2024 жылға бекітілген кестеге сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығының мамандары Мұхаметкарімқызы Э., Садықова Г.М., Малдыбаева А.С., Тұрсынбаева Ұ.И. мен Аджибекова Д.А. қалалық №9 емханадағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізді. Емханадағы туберкулезге қарсы іс - шаралардың ұйымдастырылу мен орындалу барысы бағаланды, дәрігерлердің туберкулез ауруына қатысты қырағылығына, медициналық ақпарттық жүйедегі туберкулезге қатысты қосымшалардағы жұмысы мен есептерді қалыптастыруына, қақырық жинау бөлмесінің, жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмесінің жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, алдыңғы мониторинг бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы сарапталды. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді болдырмау үшін ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Мониторинг кезінде емхана жұмысындағы оң өзгерістерде аталды: медициналық ақпараттық жүйедегі флюорографиялық тексеру кезінде өкпесінде өзгерістер анықталған науқастарды уақытылы қарап тексеріп, ол туралы ақпараттың жүйеге уақытылы енгізіле бастаған; ТБ 081 «Туберкулезге күдікті науқастарды тіркеу журналының» электронды форматы қолданысқа енгізілген. Емхана бойынша ТНҰР ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша және қақырық жинау бөлмесінің жұмысы бойынша кемшіліктер анықталмады. Бұл - Бақылау және бағалау тобы жұмысының емханамен бірлесе отырып жүргізген жұмысының жетістігі. Осындай шаралардың арқасында туберкулебен күресу бойынша іс - шаралардың сапасы жақсарып, туберкулез ауруы уақытылы анықталып, тиімді емделіп, қаламызда туберкулез ауруын жоямыз деген үміттеміз.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1723-msak-mekemelerindegi-tuberkulezben-k-res-sharalaryna-ba-ylau-zh-rgizu-2024-zhyl-a.html#sigFreeIdd8dd3e497a
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1723-msak-mekemelerindegi-tuberkulezben-k-res-sharalaryna-ba-ylau-zh-rgizu-2024-zhyl-a.html#sigFreeIdd8dd3e497a