Жыл сайын 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық өткізіліп, әртүрлі шаралар жүргізіледі Алайда, ақпараттық - ағарту шаралары тек осы айлық аясында шектеліп қана қоймай, жыл он екі ай іске асырылуы тиіс. Өйткені, еліміздің әрбір тұрғыны туберкулез ауруының белгілері, және олар пайда болған жағдайда не істеу керектігі, ауруды анықтаудың және алдын алудың шаралары туралы хабардар болуы тиіс. Осы мақсатта Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының мамандары Айтешова К.Ж., Арсақбаева Д.Т., Рожина А.В., Разбекова И.А., Ундасынова О.А. Түрксіб ауданындағы «Алтай» базарында және де бірқатар сауда нүктелерінде болып, 82 адамды қамтып, туберкулез туралы ақпарат беріп, буклеттер таратты.