Алматы қаласында 2023 жылы туберкулезге қарсы келесі шаралар жүргізілді: Тағы бір Gene-Xpert аппаратын орнату арқылы молекулалық - гендік зерттеулерге тұрғындардың қолжетімділігі кеңейтілді. Қазіргі таңда қаладағы 3 емханада Gene-Xpert аппараттары орнатылған: Бостандық ауданында (№7 ҚЕ), Наурызбай ауданында (№36 ҚЕ) және Түрксіб ауданында (№24 ҚЕ); әлеуметтік қолдау көрсетумен пациенттерге бағытталған тәсілді кеңінен қолдану - туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарды амбулаторлық еммен қамту 61,5% құрады, туберкулезбен ауыратын 974 науқасқа амбулаторлық ем сатысында әлеуметтік қолдау көрсетілді, ай сайын жергілікті бюджеттен 12 АЕК төленді; Алматы қаласы BPaLM/BPaL режимдерін пилоттық қолдану жобасына қосылып, дәріге төзімді туберкулезді емдеу ұзақтығы 18 - 24 айдың орнына 6 айдан 9 айға дейін қысқарды. «Мейірімді жол» және «Бірлескен көп дауыстар» қоғамдық қорлары туберкулезге қарсы іс - шараларға белсенді түрде қатысты. 2023 жылы алғаш рет қала Әкімдігі ҮЕҰ туберкулезге қарсы іс - шараларына жергілікті бюджеттен 9,8 млн.теңге сомасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлді. Жүргізіліп жатқан іс - шаралардың арқасында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қордың, қаладағы Стоп ТБ серіктестігінің ұйымдастырушылық - әдістемелік қолдауымен жақсы табысқа жетті.