2024 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған ғылыми - тәжірибелік конференция өтуде. Жыл сайын 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулезді індет ретінде жоюға барлық мүдделі тараптардың күш - жігерін біріктіру мақсатында өткізілетін 24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған Айлық, республиканың барлық аумағында өткізіледі. Мақсаты - шешім қабылдаушы өкілетті органдардың назарын туберкулез мәселесіне, оның мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасына әсеріне назар аудару; туберкулезді денсаулық сақтау проблемасы ретінде жоюдың озық тәжірибесін енгізу және тарату бойынша туберкулезбен күрес жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды ұлғайту; туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту үшін қоғамның хабардарлығын арттыру және қоғамды жұмылдыру. 2024 жылы туберкулезге қарсы күрес Айлығы «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен өтті. Алматыда 10 жыл ішінде туберкулезбен ауыру және таралу көрсеткіші 60,5% - ға, туберкулезден болатын өлім - жітім 82,7% - ға төмендеді. Халықтың туберкулез туралы хабардар болу деңгейін арттыру, шешім қабылдаушы тұлғаларды және азаматтық қоғамды туберкулезге қарсы күреске белсенді тарту мақсатында Айлық барысында әлеуметтік желілер, теле - радио арналар, медициналық ұйымдарда ашық есік күндері арқылы халыққа ауқымды ақпараттар жүргізілді, қала базарларында акциялар өткізілді. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішінің төмендетуге туберкулезге қарсы қызмет пен МСАК ұйымдарының жүйелі жұмысы мен бірлескен күш - жігері арқылы қол жеткізуге болады.