МСАК мекемелеріндегі туберкулезбен күрес шараларына бақылау жүргізу 2024 жылдың 15 - наурызында Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығының мамандары Мұхаметкарімқызы Э., Садықова Г.М., Малдыбаева А.С., Тұрсынбаева Ұ.И. мен Аджибекова Д.А. бекітілген кестеге сәйкес қалалық №24 емханадағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізді. Емханадағы туберкулезге қарсы іс - шаралардың ұйымдастырылу мен орындалу барысы бағаланып, алдыңғы мониторинг бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы сарапталды. Бақылау барысында дәрігерлердің туберкулезге деген қырғылығы, медициналық ақпарттық жүйедегі туберкулезге қатысты қосымшалардағы жұмысы мен есептерді қалыптастыруы, қақырық жинау бөлмесінің, жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмесінің жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді болдырмау үшін ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Мониторинг кезінде емхана жұмысындағы оң өзгерістер аталып өтілді: былтырғы жылмен салыстырғанда медициналық ақпараттық жүйедегі флюорографиялық тексеру кезінде өкпесінде өзгерістер анықталған науқастарды уақытылы қарап тексеріп, ол туралы ақпараттың жүйеге уақытылы енгізілетіні анықталды. Сонымен қатар, ТБ 081 «Туберкулезге күдікті науқастарды тіркеу журналының» электронды форматы қолданысқа енгізілген. Бұл - Бақылау және бағалау тобы жұмысының емханамен бірлесе отырып жүргізген жұмысының жетістігі. Осындай шаралардың арқасында туберкулез ауруын уақытылы анықтап, тиімді емдеп, қаламызда бірте - бірте туберкулез ауруын жоямыз деген үміттеміз.