Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай Алматы қалалық ДСБ "Фтизиопульмонология орталығы" КМК маманы Гүлнара Жеңісқызы Алимова Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Пана" әлеуметтік бейімделу орталығы" ККМ - нің Алатау аудандық филиалында 2024 жылдың 17 - наурызында "Туберкулезсіз әлем" тақырыбында орталықта қызмет алушылармен кездесіп, дәріс өткізіп қайтты. Аталған орталықта тұрақты мекен - жайы жоқ азаматтарға қызмет көрсетіледі. Құжаттары жоқ азаматтар, құжат рәсімделіп, тұрақты мекен - жайы анықталғанша жарты жылдан 1,5 жылға дейін орталықты паналай алады. Бұл жерді алыс - жақын шетел азаматтары мен ҚР азаматтары паналауда. Шарамен орталықтағы 60 адам қамтылды.Көптеген сұрақтар қойылды.Туберкулездің жеке және әлеуметтік алдын алу шаралары, туберкулездің алғашқы белгілері мен уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы айтылды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық - сауаттандыру материалдары таратылды.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1711-tuberkulezsiz-lem-ta-yrybynda-ortaly-ta-yzmet-alushylarmen-kezdesip-d-ris-tkizip-ajtty.html#sigFreeIdf0c0e71eac