МСАК мекемелеріндегі туберкулезбен күрес шараларына бақылау жүргізу 2024 жылдың 13 - наурызында Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығының мамандары Джазыбекова П.М., Садықова Г.М., Малдыбаева А.З. бекітілген кестеге сәйкес Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізді. Ауруханадағы туберкулезге қарсы іс - шаралардың ұйымдастырылуы мен орындалуы бағаланып, алдыңғы мониторинг бойынша берілген ұсыныстардың орындалу барысы сарапталды. Бақылау барысында ауруханадағы инфекциялық шаралар барысы тексеріліп, қабылдау бөлімшесі мен сәулелі диагностика бөлімшесінің жұмысы бағаланды. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді болдырмау үшін ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.