Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2024 жылдың 7 - наурыз күні Фтизиопульмонологиялық орталықта мерекелік кеш өтті. Кеш барысында орталықтың директоры Ж.Ә. Сәпиева ұжымның ару қыздары мен аналарына тілек сөзін жолдады. Кәсіби одақтың төрайымы С.Н. Әуезова барлық қыз - келіншек, апа - әжелерді мерекемен құттықтай отырып, орталықтың юристі Ұ. Қыстаубаеваға Алматы қаласы әкімдігінің мерекелік концертіне билет табыстады. Сонымен қатар орталықтың барлық бөлімшелерінің аруларына бағалы сыйлықтар табыстады. Мерекелік кеште ұжымның келесі мүшелерінің еңбектері жоғары бағаланып, фтизиопульмонология орталығы директоры атынан алғыс хат табысталды: Жандаулетова Ж.Т., Мұхаметкарімқызы Э., Назарова Қ.Ө., Шарапова А.Ш., Сауданова Г.А., Ералиева Л.Г., Юсупова А.Қ., Бозаева С.Б., Есмағанбетова Л.О., Қорғанбай С.А., Амирбаева М.К., Циммерман О.В., Айтжанова Г.Б., Аширова Д.Қ., Умербаева Л.О. Кешті клиникалық - диагностикалық зертхана бөлімшесінің ұйымдастырып, әсем әнмен әрлеп, бимен сәндеп, аяулы аналарға құрмет білдіріп, мерекелік көңіл - күй сыйлады.