2024 жылдың 6 - наурызы күні Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің бас маманы Белбаев Қ.Ж. «Кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру» бойынша Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлеріне арнап семинар - тренинг жүргізді. Қайрат Жұмабекұлы семинарға қатысушыларға кірістер мен мүлік туралы декларацияның 270.00 нысанын қалай толтыру керек екендігін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. e - Salyq Azamat қосымшасын ұялы телефонға жүктеп, 270.00 нысанын толтыру жолын көрсетті. Сонымен қатар бұл нысанды «салықтөлеуші кабинеті» арқылы, электронды - цифрлы қол (ЭЦҚ) кілтін қолдана отырып тапсыруға да болады. 2023 жылғы кірістер туралы Декларацияның бастапқы үлгісін 14 - наурызға дейін тапсыру қажет. Ал 15 - қыркүйекке дейін кірістер мен мүлік туралы барлық ақпаратты толықтырып, тапсыру қажет. Декларацияны уақытылы тапсырып, жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосайық.