2024 жылдың 21 - ақпанында Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Айнакөзова Г.Л., Бақылау және бағалау бөлімінің үйлестірушілері Мұхаметкәрімқызы Э. және Ахметкалиева Д.Н., дәрігер - статист Рахымова А.Е., зертхана бойынша маман Малдыбаева А.З. «Мақсат Мед» клиникасындағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізді. Бақылау барысында медициналық ақпарттық жүйедегі туберкулезге қатысты қосымшалардың жұмысы мен есептерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Мониторинг кезінде клиника жұмысындағы оң өзгерістер аталып өтілді: былтырғы жылмен салыстырғанда медициналық ақпараттық жүйедегі флюорографиялық тексеру кезінде өкпесінде өзгерістер анықталған науқастарды уақытылы қарап тексеріп, ол туралы ақпараттың жүйеге уақытылы енгізілетіні анықталды. Бұл - Бақылау және бағалау тобы жұмысының клиникамен бірлесе отырып жүргізген жұмысының жетістігі. Осындай шаралардың арқасында туберкулез ауруын уақытылы анықтап, тиімді емдеп, қаламызда бірте - бірте туберкулез ауруын жоямыз деген үміттеміз.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1697-ma-sat-med-klinikasynda-y-tuberkulezben-k-resu-bojynsha-is-sharalar-a-ba-ylau-zh-rgizdi.html#sigFreeId7ae2d52af5
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1697-ma-sat-med-klinikasynda-y-tuberkulezben-k-resu-bojynsha-is-sharalar-a-ba-ylau-zh-rgizdi.html#sigFreeId7ae2d52af5