2024 жылдың 26 - ақпанында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлықтың бастамасы болған баспасөз конференциясы өтті. Аралас оффлайн/онлайн форматта өткен бұл конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М.Әденов, Жаһандық қор гранты жобасының жетекшісі Исмаилов Ш., Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК директоры Сәпиева Ж.А., «Мейірімді жол» қоғамдық қорының үйлестірушісі Абдилов М. қатысты. Туберкулез дүние жүзінде қоғамдық денсаулық сақтаудың басты мәселелерінің бірі болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 10 миллионнан астам адам туберкулезбен ауырады және 1,6 миллион адам осы аурудан қайтыс болады. Дегенмен, туберкулезді емдеуге және алдын алуға болады. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 - наурызда аталып өтеді және оның мақсаты - туберкулездің денсаулыққа, әлеуметтік және экономикалық зардаптары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, әлемдегі туберкулез індетімен күресу үшін күш - жігерді жандандыру және қоғамды жұмылдыру. Соңғы екі жыл қатарынан Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні «Біз туберкулезді тоқтата аламыз» ұранымен атап өтілуде және бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Бұған мемлекеттің, медициналық мекемелердің, жергілікті қоғамдастықтардың, азаматтардың бірлескен күш - жігері арқылы ғана қол жеткізуге болады. Әрқайсыңызды Алматы қаласында, жалпы Қазақстанда туберкулезді жоюға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз! БАҚ өкілдері мен жиналғандар туберкулез бойынша республика және Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдаймен, туберкулезбен күрес бағдарламасыныңның жетістіктері, жоспарлары мен перспективаларымен, «Мейірімді жол» қоғамдық қорының туберкулезбен күресудегі үлесімен таныстырылып; сұрақтарына жауап алды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1689-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ty-bastamasy-bol-an-baspas-z-konferentsiyasy-tti.html#sigFreeId5851de4e6b
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1689-d-niezh-zilik-tuberkulezben-k-res-k-nine-arnal-an-ajly-ty-bastamasy-bol-an-baspas-z-konferentsiyasy-tti.html#sigFreeId5851de4e6b