2024 жылдың 23 - ақпанында Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығының Бақылау және бағалау бөлімінің үйлестірушісі Садықова Г.М. «А-Clinic» көпсалалы медицина орталығындағы туберкулезді ерте анықтауға бағытталаған іс - шаралардың барысына бақылау жүргізіп, бақылау нәтижесі бойынша орталық мамандарын жұмыс орнында оқытты. Бақылау барысында медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға ерекше назар аударылып, мамандарға медициналық ақпарттық жүйедегі туберкулезге қатысты қосымшалардың жұмысы мен есептерді қалыптастыру бойынша жұмыс орнында оқу жүргізілді. Туберкулезге күдікті науқастарды тіркеу 081/е журналымен қалай жұмыс жасау керектігі үйретілді. Аталған шаралардың басты мақсаты қаламыздағы барлық медицина мекелерін, соның ішінде жекеменшік мекемелерді туберкулез ауруын ерте анықтау, тиімді емдеу, халықты ақпараттық - ағарту шараларымен қамтуға жұмылдырып, туберкулезге шалдығу деңгейін мүмкіндігінше төмендетіп, «Zero TB cities» бастамасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «End TB» бағдарламасының мақсатына қол жеткізу.