2024 жылдың 22 - ақпанында Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасының Фтизиопульмонология орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Айнакөзова Г.Л., Бақылау және бағалау бөлімінің үйлестірушісі Садықова Г.М., дәрігер - фтизиопедиатр Филипповская Т.Н., дәрігер - статист Нышан Ұ.Б. №7 қалалық емханадағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізіп, бақылау нәтижесі бойынша емхана мамандарын жұмыс орнында оқытты. Бақылау барысында медициналық құжаттар қарап - тексерілді. Медициналық ақпарттық жүйедегі туберкулезге қатысты қосымшалардың жұмысы мен есептерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, медицина мамандарына жұмыс орнында оқыту жүргізілді. Туберкулезге күдікті науқастарды туркеу 081/е журналымен жұмыс жасау керектігіне назар аударылды. Бақылау нәтижелері бойынша анықтама жазылып, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс - шаралар ұсынылды. Келесі жолы бақылау жүргізілген кезде ұсынылған шаралардың орындалу барысы бағаланады. Аталған шаралардың басты мақсаты - МСАК деңгейінде атқарылатын туберкулезге қарсы іс - шаралардың сапасын жақсарту және арттыру, соның нәтижесінде туберкулез ауруын ерте анықтау, тиімді емдеу, ақпараттық - ағарту шараларымен қамтылған тұрғын халықтың санын арттыру және қаламызда туберкулезге шалдығу деңгейін мүмкіндігінше төмендетіп, «Zero TB cities» бастамасының мақсатына қол жеткізу.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1684-msak-mekemelerindegi-tuberkulezben-k-res-sharalaryna-ba-ylau-zh-rgizu-2.html#sigFreeId38fb8bdf28
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1684-msak-mekemelerindegi-tuberkulezben-k-res-sharalaryna-ba-ylau-zh-rgizu-2.html#sigFreeId38fb8bdf28