Тіл - материалдық және рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең қуатты құралы. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша әлемде 7 мыңға жуық тіл бар және олардың 45% жойылу қаупінде, яғни жақын арада соңғы сөйлейтіндерден айырылуы мүмкін. Мамандардың пікірінше тілдердің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 адам сөйлеуі керек. Білім беру жүйесі мен үкіметте бірнеше жүз тіл ғана маңызды рөл атқарады, ал цифрлық әлемде жүзден аз тіл қолданылады. Халықаралық ана тілі күні 1999 жылы қарашада ЮНЕСКО - ның Бас конференциясында жарияланды және 2000 жылдың ақпан айынан бастап жыл сайын тілдік және мәдени әртүрлілікті және көптілділікті насихаттау мақсатында атап өтіледі. Тілдер жеке адамдар мен адамдар тобының сәйкестігін және олардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар тұрақты дамуға және үйлесімді қатынастарға қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі. Көптілді және көпмәдениетті қоғамдар дәстүрлі білім мен мәдениетті тұрақты түрде жеткізетін және сақтайтын тілдерінің арқасында өмір сүреді. Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адамның түп - тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді танып - білу мен құрметтеу - бейбітшілік сақтаудың кілті. Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін демекші, өз Ана тілімізді құрметтеп, қазақ тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салайық. Біздің асыл қазынамыз, сөз жетпес жауһар құндылығымыз - ол Ана тіліміз!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1681-21-a-pan-khaly-araly-ana-tili-k-ni.html#sigFreeId4b6bc7f69d
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1681-21-a-pan-khaly-araly-ana-tili-k-ni.html#sigFreeId4b6bc7f69d