2024 жылғы 8 - 9 ақпанда Алматы қаласында аралас офлайн/онлайн форматта «2023 жыл қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру» республикалық үйлестіру кеңесі өткізілуде. Үйлестіру кеңесінің мақсаты - 2023 жылдың қорытындысын шығару, туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаның тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау, «END TB» стратегиясын ескере отырып, басым мәселелерді шешу бойынша іс - шараларды жоспарлау. Кеңес жұмысына ҚР ДСМ өкілдері; ҚР ҰФҒО мамандары, ЖҚ ЖІАТ мамандары; өңірлік ФПО ОДКК бірінші басшылары; туберкулез саласындағы ҮЕҰ үйлестірушілері; ҰТБ ұлттық және сыртқы кеңесшілері, ҰТБ халықаралық және ұлттық серіктестері, ЕҮК, ҚЖА қатысуда. Кеңес шеңберінде ДТ ТБ емдеу үшін BPaLM/BРaL режимдерін енгізу, балалардағы туберкулезді диагностикалау мен емдеудің, ҚР өңірлерінде туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің өзекті мәселелері, пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы іс - шараларды іске асыру, ТБ/АИТВ - ны анықтау, алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері және басқалар талқыланады. Облыстық фтизиопульмонология орталықтарының басшылары туберкулезге қарсы іс - шаралардың өзекті аспектілері мен сын - қатерлері бойынша есеп береді. Жұмыс топтарында іс - шаралар мен фтизиопульмонологиялық қызметтің ТБ менеджментінің аспектілерін, ТБ мен ДТ ТБ - ны анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін, ТБ END стратегиясы шеңберінде СТОП ТБ серіктестігін дамытуды талқылау жоспарлануда. Бұл кеңес өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығаруға, Қазақстанда ТБ жою мақсатында алдағы іс - шараларды талқылауға және жоспарлауға арналған алаң болып табылады.