2023 жылғы 30 қарашада ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының миссиясы ДДСҰ Еуропалық аймақтық жасыл жарық комитеті (rGLC) арқылы Алматыға келді. Миссия мүшелері – доктор Кай Блондал және rGLC/Europe кеңесшісі Рузиля Усманова.
Кездесу Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығында Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Л.Т.Иманғалиева және қаланың фтизиопульмонология орталығы (ФО) басшылығымен өтті.
Бұл миссия Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаны басқарудың әртүрлі аспектілерін бағалау үшін өткізіледі.
Миссия мүшелері бактериологиялық зертхананың, ҰӘБ, ТНҰТ АЖ, мониторинг және бағалау бөлімінің және аурухананың жұмысымен, сонымен қатар «Мейірімді жол» ҮЕҰ жұмысымен танысты.
Сонымен қатар осы күні Миссия делегациясы №5 қалалық емханада болып, МСАК-тің туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және қала тұрғындарына туберкулезге қарсы қызмет көрсету бойынша жұмысын бағалады.