15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы теңгеге 30 жыл!
1993 жылдың дәл осы күні кеңестік рубльдің орнын басып, тұңғыш қазақ теңгесі айналымға енді. Мұның алдында ұзақ және байыпты дайындық болды. Теңгенің дизайнын Т.Сүлейменов жетекшілігімен авторлар тобы дайындаған. Қазақстанның ұлттық валютасының өз белгісі (〒) бар. Бұл графикалық кескін транскрипцияда «теңге» сөзі басталатын «т» дыбысын, сондай-ақ аудармада бүкіл түркі халықтары үшін қасиетті «аспанды бейнелейтін құдай» дегенді білдіретін «тәңірі» сөзінің көне түркі әліпбиінің таңбасы болып табылады. Теңге символы ақша бірлігінің тұрақтылығы, жоғары әлеует, Қазақстанның ұлттық экономикасының даму және өсу динамикасын білдіреді. Бүгінгі таңда теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі.
Ұлттық валюта – теңге күні еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің де кәсіби мерекесі болып табылады.
Бас есепші Зияда Сапарқызы Әлімбаева жетекшілік ететін Фтизиопульмонология орталығының қаржы қызметкерлерін бүкіл ұжым атынан құттықтаймыз. Зияда Сапарқызы жастығына қарамастан есеп бөлімін ұзақ жылдар бойы табысты басқарып қана қоймай, өзін жоғары білікті маман ретінде көрсетіп, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, орталықтың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Әрбір қаржы маманына зор денсаулық пен бақ-береке тілейміз, барлық есептер сәйкес, дебеттік және кредиттік сальдо, есептеулер дұрыс болып, барлық мәселелерде сәттілік серік болсын!