Туберкулез жағдайларының құрылымында өкпе туберкулезі 85-90% құрайды. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін молекулалық-генетикалық, микроскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі және де диагностика жүргізуде қақырық үлгілерін сапалы жинау өте маңызды.
2023 жылғы 3- қазанда Алматы қ. ДСБ ФО-да мониторинг және бағалау бөлімінің бактериологиялық қызмет жөніндегі үйлестірушісі Г. К. Бұланбаева МСАК мейірбикелеріне арнап тренинг өткізді. Тренингке қатысушылар туберкулезді диагностикалау үшін патологиялық материалдың сапалы үлгілерін жинаудың маңыздылығын тағы да талқылады. Қақырықты жинау хаттамасының әрбір тармағын орындауға баса назар аударылды, өйткені туберкулездің микробиологиялық диагностикасында биологиялық материалды дұрыс жинау маңызды рөл атқарады.