2023-жылдың 24-қазанында Алматы қаласы ДСБ Фтизиопульмонология орталығында Ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара еліміздің гимнімен басталды. Орталықтың басшысы Жанар Әділханқызы 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадам жасағаны, соның нәтижесінде әлем картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының пайда болғаны туралы айтып, Республика күні ұлттық мереке санатында екенін атап өтті де, ұжымға деген тілегін жолдады.
Республика күні – қазақтың кеудесін қуанышқа толтырып, мерекелік көңіл-күймен думандатып тойлайтын күн. Осыған орай, Орталықтың ЛТО-4 бөлімшесі мерекелік қойылым ұйымдастырып, бөлімше мамандары ән шырқап, би биледі.
Отандастарымызды Республика күнімен құттықтаймыз! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, бастамаларыңыз сәтті болсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!