2023 жылғы 21 қазанда Алматы қ. ҚДБ Фтизиопульмонологяи орталығының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

ФО аумағын, оған іргелес аумақ бұтақтар мен құрғақ жапырақтардан және арық желісі тазартылып, жол жиектері ақталды.
ФО дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері сенбілікке қатысып, әдемі және таза қалада өмір сүруге деген ұмтылыстарын көрсетіп қана қоймай, күзгі күні ашық ауада бір-бірімен араласып, шүйіркелесті. Сенбілік - корпоративтік рухты көтерудің, ұжымды біріктірудің, психологиялық климатты жақсартудың тамаша тәсілі. Сенбілік әріптестерге бір-бірін жақсы білуге және әлемді әдемі етуге мүмкіндік береді.
Сенбілікке қатысып, тазалыққа қосқан үлесіміздің арқасында одан да әдемі болған қалаға қарау қандай ғанибет!
Есіңізде болсын: "Тазалық тазартылған жерде емес, қоқыс тасталмайтын жерде!».