Туберкулезбен (ТБ) күресудің басты міндеттерінің бірі ауруға шалдығу жағдайларын, әсіресе көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді (КДТ ТБ) уақытылы анықтап, туберкулез микобактерияларының сезімталдығына сәйкес емдеуді уақтылы тағайындау болып табылады.
Молекулярлық-генетикалық әдістер туберкулезді және КДТ ТБ анықтауда баға жетпес көмек көрсетеді, олардың бірі Gene-Xpert платформасындағы XpertMTB/RIF әдісі болып табылады. Бұл әдіс қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ғана емес, сонымен қатар жоғары ақпараттылықпен де сипатталады. Бүгінгі таңда Xpert MTB/RIF әдісі туберкулезді диагностикалау үшін ең қолайлы және мінсіз болып саналады.
GeneXpert диагностикалық платформасын әзірлеу 1996-2010 жылдар аралығында АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институты, Билл және Мелинда Гейтс қоры, жаңа инновациялық диагностикалық құралдар қоры (FIND) қолдауымен және Cepheid (Sunnyvale, Калифорния, АҚШ), Нью-Джерси штатының медицина және стоматология университетімен серіктестікте жүзеге асырылды.
2009 жылы нақты уақыт режимінде ПТР негізіндегі ТБ және КДТ ТБ диагностикасы үшін Xpert MTB/RIF тестін әзірлеу аяқталды.
2010 жылдың желтоқсанында ДДҰ алғаш рет туберкулезді диагностикалау үшін Xpert MTB / RIF әдісін қолдануды ұсынды. ДДҰ Xpert MTB/RIF-ті туберкулезге, КДТ ТБ немесе АИТВ-мен байланысты туберкулезге күдік болған жағдайда алғашқы диагностикалық тест ретінде қолдануды ұсынады. Тест нәтижесі 2 сағаттан аз уақыт ішінде дайын болады.
Қазақстанда бұл әдіс 2012 жылдан бері қолданылып келеді. Алматы қаласында МСАК-та 3 GeneXpert орталығы (№№7, 24 және 36 қалалық емханаларда) жұмыс істейді. Сондай-ақ молекулалық-генетикалық зерттеулер Алматы қаласы ДСБ Фтизиопульмонология орталығының орталықтандырылған бактериологиялық зертханасында жүргізіледі.
Уақтылы анықталған туберкулез және бақылаулы ем – туберкулезден жазылудың КЕПІЛІ!
Егер сізді екі аптадан астам жөтел мазаласа – тіркелген жеріңіздегі емханаға барып, туберкулезге тексеріліңіз.
Қазақстанда туберкулезге тексеру және емдеу – тегін!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1597-tuberkulezben-k-resudi-molekulaly-genetikaly-disteri.html#sigFreeIddbbc1996d5
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1597-tuberkulezben-k-resudi-molekulaly-genetikaly-disteri.html#sigFreeIddbbc1996d5