Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысына сәйкес 10 қазан кәсіптік одақтар күні ретінде Қазақстанның мерекелік күндерінің тізбесіне енгізілді.
Кәсіподақтар ең танымал қоғамдық ұйым болып табылады және әлеуметтік әділеттілік принциптерін алға тартады, жұмысшылардың мүдделерін білдіреді және олардың заңды құқықтарын қорғайды.
Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы өткен ғасырдың басында пайда болды және бүгінде ол өзінің негізгі және басты қағидаттарын ұстануды жалғастыруда – Еңбек адамы тұрақты жұмыс, лайықты жалақы, қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларына ие болуы тиіс.
Алматы қ. ҚДБ Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері 2019 жылдан бастап "Senim Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады. ФО кәсіби комитетінің төрағасы Әуезова Сәулеш Нұроллақызы. ФО кәсіподақ комитеті спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, мекеме жастарымен жұмыс жүргізеді, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтырады, материалдық көмек көрсетеді, мерейтойға және бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар береді, зейнетке шығарып салуды ұйымдастырады, санаторлық-курорттық ем алу кезінде шығыстардың өтемақысы төлейді және басқалар. Кәсіподақ комитеті ұжымдағы кез-келген іс-шараның басы-қасында болып, белсенді ат салысады. ФО ұжымы кәсіподақ комитетінің жұмысын жоғары бағалайды.
Кәсіподақтар күніне орай Алматы қ. ҚДБ Фтизиопульмонология орталығында қызметкерлер үшін салтанатты түскі ас ұйымдастырылды.
ФО ұжымы атынан өз кәсіби еңбегін белсенді қоғамдық кәсіподақ қызметімен сәтті ұштастырған әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Сіздерге сарқылмас қуат, жақсы өзгерістер, тұрақтылық пен өмірдегі позитивтілік, сәттілік пен өркендеу тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1594-k-sipoda-k-nin-atap-tu.html#sigFreeIdcea4470900
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1594-k-sipoda-k-nin-atap-tu.html#sigFreeIdcea4470900