2023 жылғы 15 қыркүйекте ҚР ДСМ "ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" жанындағы Жаһандық қор грантының жобасын іске асыру тобы ұйымдастырған кезекті онлайн оқыту ОДКК отырысы өтті. Вебинар модераторы – ҚР ҰФҒО өкпеден тыс туберкулезді хирургиялық емдеу бөлімшесінің фтизиохирургы, медицина магистрі Көпбаев Ербол Жуасбайұлы.
ООДКК тақырыбы: Өкпеден тыс туберкулез. ЛОР - ағзалардың туберкулезі.
Алматы қаласы ҚДБ "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК жоғары санатты фтизиатр-дәрігері Ақбаева Гүлшара Төлеутайқызы диагнозды верификациялау үшін бірнеше жыл қажет болған өкпеден тыс туберкулез – туберкулезді риносинусит жағдайын ұсынды. Туберкулездің бұл локализациясы өте сирек кездесетіндіктен және пациент жүгінген ЛОР-дәрігерлерінде туберкулезге деген күдік болмағандықтан науқастың диагнозы бірнеше жылдан кейін ғана анықталған. Диагноз қойылғаннан кейін науқас нақты емдеудің толық курсын алды және сәтті емделді. Бұл жағдай ЛОР-дәрігерлер мен барлық маман-дәрігерлердің туберкулезге деген сақтығын арттыру мақсатында ұсынылды, өйткені бүгінгі күні өкпенің зақымдануымен қатар басқа ағазалардың да зақымдану жағдайлары кездеседі.
Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Оториноларингология бойынша дипломнан кейін білім беру курсының аға оқытушысы доцент Тогузбаева Динара Ерденқызы сарапшы болып сөз сөйлеп, Лор-ағзалардың туберкулезбен зақымдануы және диагностика мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Вебинар мазмұнды болды және қатысушылар ЛОР-ағзалардың туберкулезі туралы білімдерін толықтырды.