2023 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 10:00 Фтизиопульмонология орталығының базасында Алматы қаласы «Жер-2023» республикалық оқу-жаттығулары аясында жалпықалалық сейсмикалық жаттықтыру жүргізілді.
Орталық қызметкерлері «Баршаңыз назар аударыңыз» сигналын естіп, ғимараттан шығып, қауіпсіз ашық жерге кетті. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау инженері күшті жер сілкінісі кезінде адамдардың мінез-құлқы туралы қосымша әңгіме жүргізді, барлығына «дабыл чемоданын» дайындау қажеттігін еске салды және дабыл чемоданында не болуы керек екенін тағы бір рет егжей-тегжейлі түсіндірді.