Досмағамбетов Бахтиёр Жолдасұлы 1976 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Тәжікстанда, Қорғантөбе облысы, Гүлістан кеңшарында.

2009 жылы Қазақстан медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы ҚазМУ интернатурасын анестезиология және реаниматология мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2010 жылы Алматы облысының көпсалалы клиникалық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог болып бастады.

2013 жылдан бастап Алматы қаласы ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін жоғары білімді маман ретінде көрсете білді. Кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Орталықтың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Төрт бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.

Дәрігер-реаниматолог Досмағанбетов Бахтиер Жолдасұлы «SENIM» кәсіптік одағынан Республикалық қоғамдық бірлестігінің «ҮЗДІГІ» төс белгісімен марапаталды және Ұлттық медициналық Ассоциациясынан «Алтын дәрігер» төс бергісімен марапатталды.

Орталық ұжымы Конституция күнімен және алған марапаттарымен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға табыс тілейміз!