2023 жылғы 18 шілдеде USAID өкілдерінің Алматы қаласынның фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерімен танысу кездесуі өтті. Кездесуге USAID/Вашингтон, Азия бюросы, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Люси Майз, Алматы қ., USAID/Орталық Азияның туберкулез бойынша аймақтық кеңесшісі - Арман Тоқтабаянов қатысты және USAID Орталық Азиядағы туберкулезді тоқтату жобасының өкілдері Эльмира Аликеева, стратегиялық коммуникациялар бойынша аға маман/ҮЕҰ үйлестірушісі, Османова Надира, аймақтық МжБ кеңесшісі қатысты.

Сапар мақсаты: Алматы қаласындағы туберкулезге қарсы көмек көрсетудің ұйымдастырылуымен танысу, туберкулезге қарсы қызмет көрсетудегі проблемалық бағыттарды анықтау.

Сапар барысында USAID делегациясы Алматы қаласындағы Фтизиопульмонология орталығында болып, бактериологиялық зертхананың жұмысымен, «Мейірімді жол» ҮЕҰ жұмысымен танысты.

Туберкулезді анықтау және амбулаторлық емдеуді ұйымдастырумен танысу үшін делегация Бостандық ауданының №7 қалалық емханасына барып, онда қақырық қабылдау бөлмесіне, тікелей бақыланатын емдеу бөлмесінде болып, сонымен қатар туберкулезбен ауыратындарға психологиялық, әлеуметтік және оңалту көмегінің қалай ұйымдастырылатынын білді. Бостандық ауданында туберкулезді экспресс-әдіспен уақытылы диагностикалауға тұрғындардың қолжетімділігін жақсарту мақсатында No7 ҚЕ-да G-xpert аппараты орнатыған.