Комплаенс-қызметінің ішкі аудиті

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК (бұдан әрі-ФО), 2023 жылғы 9 маусым мен 14 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында ішкі мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1 тармағы мен 8 тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығының талаптарға сәйкес жүргізілді. ФО директорының 2023 жылғы 12 маусымдағы № 141-к «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің міндетін атқарушы заңгер У.У. Кыстаубаева; Сапаны бақылау жөнінднгі директордың орынбасары К.О. Кажыкенова, емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Л. Айнакузова, кадр бөлімінің басшысы Ж.С. Жүнісбекова және кадр бөлімінің инспекторы Г.Т. Қожамбердиева мен бірге ұйымдастыру-басқару қызметі мен персоналды басқару бойынша талдау жүргізілді.

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 18 бабының 1-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес ФО мұрағат жұмысына мұрағатшы А.Б.Қырықбаевамен - құрылымдық бөлімшелерден ұйым мұрағатына іс жүргізуде аяқталған істердің тапсырылуына талдау жасалып тексерілді.

Мемлекеттік сатып алу жөнінбегі бухгалтер А.С. Кетпеновамен бірлесіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылатын ФО жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға талдау жүргізілді.