2023 жылдың 4 шілдесінде «Қазжол Парк» қонақ үйінде «АМЕС» жобасымен ұйымдастырылған серіктестер Форумы өтті, тақырыбы «АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделінің жобасы». Форумға Алматы қалалық Фтизиопульмонология орталығынан директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Айдархан Қарабаев қатысты.
Форумға Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының үкіметтік емес ұйымдардың және «Реванш» ҚҚ өкілдері қатысты. Жоба маманы Ж.Тәткеева
«АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі жобасы» аясында жүзеге асырылып жатқан жаңа тәсілдері туралы баяндап берді. Талқылау барысын «АМЕС» жобасының директоры М.Сауранбаева жүргізді.
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1553-aitv-indetin-ba-ylaudy-almaty-modelini-zhobasy.html#sigFreeId96a65e70fc