2023 жылдың 4-шілдесінде «Ұлттық «СТОП ТБ» серіктестіктігін дамыту, Алматы қаласында қоғамдық денсаулық сақтаудың проблемасы ретінде туберкулезді жою жолында ТБ/АИТВ бойынша үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» атты адвокациялық кездесу өтті. Осы іс-шара барысында Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі А.М.Төлемісова қалалық Фтизиопульмонология орталығының директоры Ж.Ә.Сәпиеваға Қоғамдық Кеңес атынан туберкулезбен күресудегі жетістіктер, туберкулезге қарсы қызметтің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, жұмыс мәселелерін шешудегі жоғары тиімділігі және өз кәсібіне шексіз берілгендігі үшін қоғам тарапынан Алғыс хат табыстады.
Фтизиопульмонология орталығының ұжымы Жанар Әділханқызын шын жүректен құттықтай отырып, еңбегі әрқашан осылай бағаланып, тек биік белестерден орын алып, Алматы қаласында туберкулез ауруының эпидемиясын жоюда табыс тілейді!