РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2023 жылдың 29 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алатау ауданында, Қазақстан Ресубликасы Денсаулық сақтау министрлігінің «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті. Конференцияға Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері әдістемелік - ұйымдастырушы дәрігер А.Шарапова мен аудармашы Ж. Қыдырова қатысты. ҚР ДСМ 75 бұйрығына сәйкес медциналық құжаттарды қазақ тілінде жүргізу және 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөнінде мәселелер талқыланды. Конференцияға дәрігер А. Шарапова анықтаманы қазақ тілінде жазып, буклет ретінде ұсынды.