Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Айнұр Бегалықызы Елеусізова Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Айнұр Бегалықызы 1978 жылы 12 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген.

2020 жылы «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ бітіріп, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 2002 жылы Жетісу аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық стансасының балалар гигиенасы бөлімінде санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастады.

2004 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы «Жетісу аудандақ туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК клиникалық зертхана дәрігері болып қызмет атқарды.

2006-2018 жылдары Алматы қаласы ДСБ «Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК зертханашы дәрігер болып қабылданды

2018-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында бактериологиялық қызметтің үйлестірушісі болып қызмет атқарды.

2020 жыл сәуір айынан бастап Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК бактериологиялық зертхана меңгерушісі болып қабылданды.

Жалпы медициналық еңбек өтілі 21 жыл.

Дәрігер ретінде ол ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, біліктілікті арттыру циклдарынан өту арқылы өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде көтеріп келеді.

Айнұр Бегалықызы жауапкершілігі өте жоғары, орталықтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Көпжылдық еңбек еткен кезеңінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білген әрітпесіміздің еңбегі еленіп, марапатқа ие болып жатқанына қуаныштымыз! Айнұр Бегалықызын шын жүректен марапатымен құттықтаймыз!