Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бекітілген кестеге сәйкес Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бақылау бөлімшесінің мамандары қалалық емханалар мен ауруханаларда мониторнигті жалғастыруда . 2023 жылдың 08 маусымында орталықтың мамандары Ауезова Сәулеш, Айнакөзова Гүлмира, Бұланбаева Гүлнар және Алимова Гүлнара №4 қалалық ауруханасында мониторинг жүргізді. Аурухана 475 орынға арналған. 14 бөлімше жұмыс істейді. Мониторингтің мақсаты- аталған мекемеде туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша жасалынып жатқан жұмыс барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету. Мониторинг соңынан аурухананың мониторинг және бақылау бөлімшесінің жетекшісі С.Н. Ауезова қабылдау бөлімі мен терапевт дәрігерлеріне «Туберкулез. Ауруханада туберкулезді дер кезінде тексеру алгоритмі» тақырыбында дәріс оқыды.