1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Осы мерекеге орай біздің елімізде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпы халықтық деңгейде аталып өтіледі. | Алматы қаласында орналасқан «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік № 21,№25, №38,№103 ,санаториялық бала-бақшаларда да 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні байланысты мәдини –іс шаралар ұйымдастырылды.