2023 жылғы 23 мамырда Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық және клиникалық диагностикалық зертханаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұйымдастырған семинарға қатысты.
Семинар барысында зертханалық жағдайдағы биологиялық қауіпсіздік, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу талаптары, ауа арқылы инфекцияның таралуын бақылау және зертханалық қауіпсіздік, есепке алу және есеп беру нысандарын жүргізу мәселелері қаралды. Ықтимал қауіпті биологиялық агенттер мен токсиндердің таралуының алдын алу, оларды өңдеуге немесе сақтауға байланысты тәуекелдерді бағалау және басқару
жайы талқыланды.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1529-laboratoriya-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar.html#sigFreeId15b6c035a1
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1529-laboratoriya-yzmetkerlerine-arnal-an-seminar.html#sigFreeId15b6c035a1