Алматы қаласындағы «Фтизиопульмонология орталығының» базасында жоғары сапалы медициналық көмек алу үшін басқа диагностикалық әдістермен қатар ультрадыбыстық зерттеу жиі қолданылады.
Ультрадыбыстық зерттеу адамның барлық дерлік жүйелері мен мүшелерін бағалау үшін қолданылатын мүлдем қауіпсіз диагностикалық әдіс болып табылады. Бұл зерттеу мен диагностиканың, сондай-ақ емдеу динамикасын бағалаудың ең танымал, қарапайым және ақпараттылық әдісі.Осы ультрадыбыстық зерттеуді тіпті жүкті әйелдер мен жас балалар да қорқынышсыз жасай алады.
Ультрадыбыстық зерттеудің диагностикалық процедураларға қарсы көрсетілімдер жоқ.
Фтизиопульмонологиялық орталықта әр науқасқа дерлік құрсақ қуысы мүшелерінің, бүйрек пен бүйрек үсті бездерінің, плевра қуыстарының ультрадыбыстық зерттеуі міндетті түрде жүргізіледі.
Дәрігер Өтепбергенова Мерей Тұрсынғалиқызы көмекші мейірбике Ниязова Маймуна Битиахметқызымен бірлесе зерттеулерді анық және кәсіби түрде жүргізіп, алдын ала әңгімелесу барысында пациенттерге алдағы процедураларға қалай дайындалу керектігін қолжетімді түрде түсіндіреді.
Уақытылы және сапалы тексерудің арқасында пациенттерде олар тіпті күдіктенбеген патологиялар мен аурулар жиі анықталады.
Сондықтан ультрадыбыстық зерттеуден уақытында өтуге кеңес береміз.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1522-ftiziopulmonologiya-ortaly-yny.html#sigFreeId19268ba27b
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1522-ftiziopulmonologiya-ortaly-yny.html#sigFreeId19268ba27b