Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі.
11 мамыр 2023 жылы Фтизиопульмонология орталығының әкімшілігі барлық медбикелерді мейрамдарымен құттықтап, орталықтың үздік медбикелеріне алғыс хаттар табыс етті және де кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Медбикелерге арнап клиникалық- диагностикалық зертхана қызметкерлері концерт қойды.
Құрметті медбикелер, еңбектеріңіз үшін рахмет!
Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық, онсыз бақытты және бақытты өмір сүрү мүмкін емес. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. “Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан ұжымымыздың барлық медбикелеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз. Қазіргі таңда адамдардың денсаулығын сақтауда көп нәрсе медбикелердің біліктілігіне және кәсіби деңгейіне байланысты. Жаңа уақыт жаңа талаптар қояды. Медбикелер берілген тапсырмаларды сәтті шешетіне сенімдіміз.