9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
5 мамыр 2023 жылы фтизиопульмонология орталығында Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс өтті және де жігіттерімізді әкімшілік 7-ші Мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Жеңіс күніне арналған концертті 3-өкпе терапиясы бөлімшесінің ұжымы ұйымдастырды.
1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі.
Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!