2023 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры А.К. Дүйсеновтың төрағалығымен фтизиопульмонологиялық қызметтің 2023 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары бойынша онлайн режимінде республикалық кеңес өтті.
2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М. Аденов баяндады.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелер бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары мен Ақмола облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасарының баяндамалары тыңдалды.
2023 жылдың 1 тоқсанында республикада туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2,1%-ға, туберкулезден өлім-жітімнің 39,5%-ға төмендеуі байқалады, бірақ 17 жасқа дейінгі балалардың туберкулезбен ауыруы 5,0%-ға өсті, бұл туберкулездің бұрын анықталмағанын көрсетеді және МСАК деңгейіндегі тәуекел тобының арасында белсенді профилактикалық анықтауды қажет етеді.
Профилактикалық әдіспен туберкулезді дер кезінде анықтау бойынша жұмысты жақсарту, МСАК деңгейінде скринингтік тексеруден өткізу үшін туберкулез бойынша жоғары қауіпті топты сапалы қалыптастыру ұсынылды. Туберкулез инфекциясын, әсіресе байланыста болған адамдар арасында анықтау, сондай-ақ оларды профилактикалық емдеумен қамту мәселесі өзекті болып қала береді.
2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында туберкулез инфекциясын анықтау бойынша «Аллергенді туберкулез рекомбинанты» (АТР) диагностикалық тестімен қамту 81,2% және Алматы қаласында 75,1% құрады.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1507-2023-zhyldy-1-to-sanyny-orytyndysy-bojynsha-respublikaly-ke-es.html#sigFreeId7c5e92eabd
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1507-2023-zhyldy-1-to-sanyny-orytyndysy-bojynsha-respublikaly-ke-es.html#sigFreeId7c5e92eabd