Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК –да 1-май Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтілді.
Орталықтың әкімшілігі қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Бұл күн - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Біздің орталықта стационардың 1-ші бөлемнің қызметкерлері бұл күннің құрметіне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.
Әр халықтың әсем ұлттық киімдерін киіп, би биленіп, әндер шырқалып, көп ұлтты ұжым мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1506-1-maj-birlik-k-ni.html#sigFreeId3e18bc6691
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1506-1-maj-birlik-k-ni.html#sigFreeId3e18bc6691