Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК-ның мониторинг және бақылау бөлімшесінің мамандары кесте бойынша қалалық емханалар мен ауруханаларда мониторнигті жалғастыруда.
2023 жылдың 26-27 сәуір күндері «№ 32 қалалық емханасында» орталықтың мамандары Мұхаметкаримқызы Элвира, Садықова Гүлмира, Нүсіпова Айсұлу, Сембекова Гүлназ бен Бұланбаева Гүлнар мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты - БМСК мекемесінде көрсеткіштердің орындалуын бағалау және емхананың туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша жасалынып жатқан жұмыс барысын тексере отырып, әдістемелік көмек көрсету.
Өткен жылғы мониторинг нәтижеден жақсарған тұстары – емхананың дәрігерлері туберкулезбен ауратын науқастарды қадағалауды уақтылы жүргізіп отыр.
Сондай-ақ, емхана қызметкерлеріне туберкулезді алдын-алу, уақытылы анықтау туралы семинар өткізді және семинардан кейін мамандарды аттестациялау өткізілді.
Семинарға 40 адам қатысты, мазалаған сұрақтарға өз деңгейінде жауаптар берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1505-monitoring-zh-ne-ba-ylau.html#sigFreeId0df9efad3e
https://cf-almaty.kz/kz/zhanaly-tar/1505-monitoring-zh-ne-ba-ylau.html#sigFreeId0df9efad3e